МЕНЮ
header-logo-s
header-logo-s
header-logo-s
«Қазақстан – ұлы дала елі»

республикалық көрмесі

25-26 ТАМЫЗ
2018 ж.

10:00 - 22:00

header-icon-address

АСТАНА қ.
«ЭТНОАУЫЛ»

Астаналықтар мен қала қонақтарын 25-26 тамыз күндері сағат 11.00-22.00 аралығында «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешені аумағында өтетін «Қазақстан – ұлы дала елі» көрмесі-фестиваліне шақырамыз.

Ұйымдастырылар барлық шаралар мен экспозициялар көне дәуірдегі тарих пен бүгінгі күндер жетістігін, қазақ халқы шеберлерінің өнерін, ұрпақтар сабақтастығын түгел қамтиды.

«Қазақстан – ұлы дала елі» республикалық көрмесі. Тарихқа куә болыныз!

Қолөнершілер аумағы

Көрмеге қатысатын қолөнер шеберлері өздерінің қолынан шыққан бұйымдарын көрсетумен қатар, жаңа өнерді үйренуге ерік білдірген барлық жандарға арнап шеберлік сағаттарын тегін өткізеді.
Көрмеге 30-дан астам қолөнерші, ұсталар қатысады. Олардың қатарында зергерлер, қыштан бұйымдар дайындайтын көзешілер, ұлттық музыкалық аспаптар шебері, ағаш, былғары, киіз, табиғи тастардан бұйымдар дайындайтын қолөнершілер бар.
Келушілер ер-тоқым, ауыздық пен қамшы секілді ат әбзелдерін де тамашалай алады.

Этно-fashion аумағы

Киім-кешек үлгілеріндегі этникалық тренд барған сайын қарқын алып келеді. Ұлттық үлгідегі ою-өрнекке жастардың құмарлығы күшейіп, халықтық туындыларды жаңа заман бейнесіне сай безендіруде. Этнофестиваль подиумында Ethnical fashionfest байқауы шеңберіндегі коллекциялардың сән көрсетілімі ұйымдастырылады. Қазақстанның інжу-маржанына айналған өлкелерге туристік саяхаттар жүлде ретінде таратылады! Сонымен қатар «Томирис» пен кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Жас батыр» костюмдер байқауы ұйымдастырылады.

Мұражай экспозицияларының аумағы

Көрмеде еліміздің әр аймағынан келген тарихи жәдігерлер орналастырылады. Келуші қонақтар өткен ғасырға саяхат жасап, сол дәуірдегі киімдер мен әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар мен орта ғасырларда қолданылған өзге де заттарды тамашалай алады. олардың ішінде көне заман көшпенділерінің бұйымдары да бар. Сол заман адамдарының костюмдері мен қару-жарақ өзге де атрибуттарының ғылыми жолмен қайта қалпына келтірілген нақты көшірмелері қойылады.

Музыка аумағы

Фольклорлық музыканы ерекше интерпретацияда ұсынар өнерпаздардың гала-концерті ұйымдастырылады. Көмеймен орындаушылардың заманауи үлгілерін ұсынар Тюргэн Кам мен «Арқайым» нео-этно-фолк тобы, сонымен қатар «Хан Тенгри», «Made in KZ» топтары әннен шашу шашса, DJ Byke кештің сәнін келтірер музыкамен әрлейді.
Осы шараға келушілерді этно стилінде жұмыс істейтін диджейлердің алғашқы қазақстандық байқауы күтіп тұр. Қобыз, домбыра мен өзге де дәстүрлі аспаптардың заман ағымына сай бейімделген әуендері шырайлы кешті әсерлі қыла түспек.

Шара бағдарламасы

time-line

25 и 26
тамыз

10:00 – 12:00

time-line

Көрменің тематикалық аймағы мен мұражай экспозияларының ашылуы

12:15 – 12:30

time-line

“Тарих керуені” театрландырылған шеруі

12:15 – 17:00

time-line

“Этнографиялық және экологиялық туризмді дамыту” тақырыбында дөңгелек-үстел 

13:00 – 13:30

time-line

Ат әбзелдері байқауына қатысушылардың еңбектерін 

13:30 – 14:00

time-line

Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындаудан аспаздық мастер-класс 

14:00 – 14:30

time-line

Театрландырылған тарихи қойылымдар

14:30 – 15:00

time-line

“Томирис және Жас батыр” атты балалар костюмдері байқауы

16:00 – 16:30

time-line

Киіз үй аймағында қолөнершілерден шеберлік сабақтары

17:00 – 17:30

time-line

Театрландырылған тарихи қойылымдар

18:00 – 20:00

time-line

Этнодизайнерлер байқауы, сән көрсетілімі (дефиле)

21:00 – 23:00

Гала-концерт және диджейлер байқауы

ГАЛЕРЕЯ

БАҚ үшін

«Қазақстан – ұлы дала елі» көрмесі пресс-орталығының жетекшісі 

Райхан Джубаева +7 777 377 6682 

+7 708 864 9422

Адрес проведения мероприятия

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен

Біздің серіктестеріміз

2018. © Ethnofest Kazakhstan

Created by MVV